

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысында «Қайрат» және «Атырау» екінші ойындарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылық «Қайрат» үшінші ойында Италияның «Пезаро» командасымен кездесті.
Ойынның 7-минутында Италия клубынан Фелипе Тонидандел есеп ашты. Оған 17-минутта Дәурен Тұрсағұлов бір голмен жауап қайырса, ол 27-минутта екінші мәрте қақпаны дәл көздеді.
Ал 34-минутта италиялық клубтан Адольфо Салас мергендік танытса, көп ұзамай Диего Фаверо қайтадан «Қайратты» алға шығарды.
Осылайша «Қайрат» қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, төртінші топта бірінші орын алды. Одан кейінгі орындардағы «Пльзень» және «Тюмень» де жарыстың келесі сатысында сынға түседі.
Бұдан бұрын алматылық ұжым Чехияның «Пльзень» және Ресейдің «Тюмень» командаларымен 3:3 есебімен тең ойнады.
Сондай-ақ, бүгін екінші топта сынға түскен қазақстандық «Атырау» Францияның Аньер Вильнев 92» командасына 0:6 есебімен жол берді. Атыраулық футзалшылар бұдан бұрын Словенияның «Добовеціне» 1:2, Португалияның «Спортинг» клубына 1:8 есебімен жол берді.
Өз тобында төртінші орынды місе тұтқан «Атырау» жарыс жолынан шығып қалды.
Jańalyqtar



















