Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жартылай финалға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 сәуірде футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалында Алматының Португалияның «Бенфика» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесу тартысты өтті. Есепті алғаш болып қазақстандық клуб сапынан 16-минутта Гадейя соқты. Көп ұзамай «Бенфика» қатарынан Жезуш Афонсу таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 30-минутында «Қайрат» құрамынан Эдсон қайтадан командасын алға шығарды. Ал 34-минутында португалдық Тьягу Бриту тағы да есепті теңестіріп кетті.

Негізгі кезең 2:2 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймның 44-минутында қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов командасын алға шығарса, 46-минутта тағы бір қайраттық Гадейя мергендік танытты. «Қайрат» сапынан Фернандиньо 48-минутта есепті ұлғайтса, 49-минутта Біржан Оразов қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Қайрат» қарсыласын 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Енді оларға «Барселона» (Испания) - «Добовец» (Словения) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.

Сондай-ақ, ширек финалда «Барселона» (Испания) - «Добовец» (Словения) командаларынан өзге «Интер» (Испания) - «Газпром-Югра» (Ресей), «Спортинг» (Португалия) - КПРФ (Ресей) командалары кездеседі. Төрт жұптағы сегіз команда 28 сәуір және 3 мамыр аралығында Хорватияның Задар қаласында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар