+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» және «Аят» элиталық кезеңге жолдама алды

2019 жылғы 11 қазан 23:50
Бөлісіңіз:
Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» және «Аят» элиталық кезеңге жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайрат» және «Аят» клубтары футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті Токио Олимпиадасы: Ұлттық құраманың киім үлгісіне ашық конкурс жарияланды Алматының  «Буревестник» волейбол клубы Қазақстан Кубогын жеңіп алды

«Қайрат» жарыстың негізгі кезеңінде төртінші топта сынға түсті. Олар алғашқы екі кездесуде Ресейдің КПРФ командасынан 0:3, одан кейін Испанияның «Мурсия» клубынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Жарыс ережесі бойынша әрбір топтан алғашқы үш орындағы командалар турнирдің келесі сатысына жолдама алатын еді. Нәтижесінде «Қайрат» соңғы ойында бүгін Венгрияның «Береттьоуйфал» клубын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

UEFA Чемпиондар лигасында биыл тұңғыш рет бақ сынаған Рудныйдың «Аят» клубы да аталмыш турнирдің элиталық кезеңінде ел намысын қорғайды. «Аят» алғашқы кездесуінде Литваның «Витисінен» 5:4 есебімен басым түсіп, одан кейін Испанияның «Барселонасынан» 1:7 есебімен жеңілді. Бүгін олар Ресейдің «Тюмень» командасына 3:8 есебімен жол берді. Нәтижесінде үшінші топта алғашқы үштіктен көрініп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі 19-24 қараша күндері өткізіледі. Ал финалдық сатысы 2020 жылдың 23-26 сәуір күндері болады деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT