Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ресейлік «Тюмень» командасына есе жіберді
Бүгінгі кездесуде қазақстандық клуб сапынан 9-минутта Біржан Оразов 9-минутта есеп ашты. Оған 27-минутта ресейлік клубтан Бруно Таффи бір голмен жауап қайырса, ол 34-минутта командасын алға шығарды. Ал олардың қатарынан Йован Лазаревич 37-минутта гол соқты. Қазақстандық Альберт Ақбалықов ойынның бітуіне санаулы секунд қалғанда мергендік танытты.
Осылайша «Тюмень» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді. Төртеудің финалы турниріне ресейлік клуб жолдама алды.
Айта кетсек, алматылық клуб А тобында сынға түсті. Қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь),«Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командалары.
«Қайрат» бұған кейін 2 желтоқсанда беларусьтік «ВитЭн» клубынан басым түсcе , 3 желтоқсанда Францияның «Аньер-Вильнев» клубымен тең ойнады.
Еске салсақ, алматылық клуб бұдан бұрын жарыстың негізгі сатысында Чехияның «Пльзень» және Ресейдің «Тюмень» клубтарымен тең ойнап, Италияның «Пезаросын» сүріндірді.