Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ресейлік «Тюмень» командасымен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы үшінші ойынын Ресейдің «Тюмень» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, алматылық клуб А тобында сынға түседі. Қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь),«Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командалары.

Ойын елорда уақытымен 20.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Тюмень» 1999 жылы құрылған. Бұған дейін бір мәрте чемпион атанса, екі-екі реттен күміс және қола жүлдеге қол созды.

«Қайрат» бұған дейін, 2 желтоқсанда беларусьтік «ВитЭн» клубынан басым түсcе , 3 желтоқсанда Францияның «Аньер-Вильнев» клубымен тең ойнады.

Әрбір топта бірінші орын алған командалар жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Әзірге екі ойыннан кейін «Тюменьде» 6, «Қайратта» 4 ұпай бар. Қазақстандық клуб тек жеңіске жеткен жағдайда ғана жарысты жалғастыра алады.

Айта кетсек, алматылық команда бәсекенің аталған сатысынла 15 мәрте қатысуға мүмкіндік алды.

Еске салар болсақ, алматылық клуб бұдан бұрын жарыстың негізгі сатысында Чехияның «Пльзень» және Ресейдің «Тюмень» клубтарымен 3:3 есебімен тең ойнап, Италияның «Пезаросын» 3:2 есебімен сүріндірді.



Соңғы жаңалықтар