Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» мальталық клубпен тең түсті

None
Фото: ville-ronchin.fr
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық сатысында қазақстандық «Қайрат» Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Командалар С тобында сынға түседі. Алматы қаласында өтіп жатқан аталған топ ойындарында олардан өзге «Хрудим» (Чехия) және «Бенфика» (Португалия) бақ сынауда.

Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасынан гол соғатын мүмкіндік іздеді. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Алайда жанкүйерлер соғылған голды көре алған жоқ.

Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Енді алматылық клуб алдағы ойынын ертең, 24 қарашада «Хрудим» командасына қарсы өткізеді.

Чехиялық клуб бүгін Португалияның «Бенфика» командасымен 3:3 есебімен тең түсті.

Ойындар 22-27 қараша аралығында өтеді. Әрбір топтың жеңімпазы турнирдің бас жүлдесін сарапқа салатын төрт команда қатарына қосылады.

Алматылық клуб турнирдің негізгі сатысында өз тобында үшінші орын алды. Жарыс барысында франциялық «Спортинг Парижді» 3:2 есебімен жеңсе, бельгиялық «Халле-Гооик» және испаниялық «Пальмамен» 2:2 есебімен тең түсті.


Соңғы жаңалықтар