Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» италиялық клубтан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысының екінші турында Алматының «Қайраты» Италияның «Песаро» командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік , «Қайрат» С тобында сынға түседі. Бұл ойындар Алматы қаласында өткізілуде. Кеше «Қайрат» Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасынан 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді .
Бүгінгі кездесу тартысты өтті. Есепті алғаш болып алматылық команда ашты. Олардың қатарынан 5-минутта Эдсон өз командасын алға шығарды. Одан кейін италиялық клуб қатарынан үш гол соғып кетті. Алдымен Фелипе Тонидандел 10-минутта таразы басын теңестірсе, сол минутта Салас «Песаро» клубын алға шығарды. Ал 22-минутта Жулио Де Оливейра есепті ұлғайта түсті. Осылайша италиялық клуб 3:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін «Қайрат» ойыншылары қатарынан төрт гол соқты. Алдымен 27-минутта Эдсон қанжығасын майласа, одан кейін 28-минутта Габриэл таразы басын теңестірді. Ал 29-минутта Луизиньо «Қайратты» алға шығарса, қорытынды есепті 40-минутта Біржан Оразов белгіледі. Нәтижесінде «Қайрат» 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Екі турдың қорытындысы бойынша «Қайрат» турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында тұр. Дәл осындай ұпай еншілеген «Песаро» екінші орында келеді. Көш басына 6 ұпаймен «Мурсия Эль-Посо» командасы шықты. Ал төртінші орындағы «Бенфиканың» еншісінде бірде-бір ұпай жоқ.
Енді «Қайрат» 24 қарашада Португалияның «Бенфика» командасымен кездеседі. Бүгін С тобында «Мурсия Эль-Посо» «Бенфиканы» 4:2 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ, Чемпиондар лигасы элиталық сатысының В тобында сынға түсіп жатқан Рудныйдың «Аят» Португалияның «Спортинг» командасынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды. «Аят» кеше Ресейдің «Тюмень» командасынан 0:3 есебімен есе жіберген болатын. Қазақстандық команда енді 24 қарашада Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен шеберлік байқасады.
- 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация қалай жүргізілетіні айтылды
- Алматыда 147 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазылған - прокуратура
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды
-
Алматыда ишемиялық инсультты емдеуге жасанды интеллект қолданыла бастады
-
Қазақстандық теннисші Анталиядағы ATP Challenger турниріне қатысады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам