USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Беларусь елінің «ВитЭн» командасын жеңді

2021 жылғы 2 желтоқсан 18:52
Бөлісіңіз:
Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Беларусь елінің «ВитЭн» командасын жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы алғашқы ойынын Беларусь елінің «ВитЭн» клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Финляндияны 6:2 есебімен жеңді Футзалдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары тең түсті Футзалдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Грузия жеңіске жетті

Еске салсақ, алматылық клуб А тобынд а сынға түседі. Қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь),«Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командалары.

Бүгінгі ойында қос команда бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Алғашқы минуттарда беларусьтік футзалшылар алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде олардың қатарынан 1-минутта Олег Еремин есеп ашты. Ал 3-минутта алматылық клубтан Савио таразы басын теңестірсе, 12-минутта Альберт Ақбалықов «Қайратты» алға шығарды. Дегенмен 12-минутта қазақстандық команда қақпасына Павел Роговик гол соғып, қайтадан таразы теңесті.

Екінші кезеңде «Қайрат» белсенді бастады. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Беларусь командасы оған лайықты қарсылық танытты. Қазақстандық Шығыс Есенаманов 30-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

«Қайрат» енді 3 желтоқсанда «Аньер-Вильнев» клубымен кездессе, 5 желтоқсанда «Тюмень» клубымен ойнайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT