Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Атырау» «Добовецке» есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысында «Атырау» алғашқы ойындарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық команда словениялық «Добовец» командасымен шеберлік байқасты.

Қарсыластар бірден-ақ шабуыл шебіне шықты. Дегенмен көздеген нысанадан мүлт кетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезең де дәл осындай жағдайда өрбіді. Екі команданың гол соғатын мүмкіндігі болған еді. Ойынның 29-минутында словениялық Клемен Душчак есеп ашты. Бұдан кейін қазақстандық команда қақпашыны бесінші ойыншыға алмастырған еді. Десе де олардың қателігін словениялық Кристьян Чуец 34-минутта бос тұрған қақпаға гол соғып кетті. Қазақстандық командадан 37-минутта Эрик көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесуде «Атырау» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

«Атырау» екінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Словенияның «Добовец», Португалияның «Спортинг» және Францияның «Аньер Вильнев 92» командалары.

Аталған топта бүгін Португалияның «Спортинг» және Францияның «Аньер Вильнев 92» командасынан 4:3 есебімен басым түсті.

Енді атыраулықтар 28 қазанда «Спортингпен» кездеседі.

Сондай-ақ, бүгін Алматының «Қайраты» Чехияның «Пльзень» командасымен 3:3 есебімен тең ойнады.

Соңғы жаңалықтар