Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» грек командасын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасында қазақстандық «Ақтөбе» де жарыстың 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» турнирдің 1/16 финалдық сатысында сырт алаңда Грекияның АЕК командасымен ойнады.

Кездесу барысында қазақстандық клуб жинақы қимылымен көзге түсті. Есепті ақтөбелік Бекжан Дәулетов 17-минутта ашты. Оған 18-минутта грекиялық Ткис Гусис бір голмен жауап қайырды. Бірінші кезеңде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Екінші кезеңде «Ақтөбе» сапынан Уго Сильва Оливейра 22, Дмитрий Клочко 28, Асхат Құлбаев 32-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін алаң иелерінен Костас Пану есеп айырмасын қысқартқан еді. Қорытынды есепті 36-минутта қазақстандық Нұрбек Қарағұлов белгіледі.

Осылайша «Ақтөбе» 5:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі сатысына жолдама алды. Ереже бойынша жеңімпаз бір ғана ойын нәтижесімен анықталды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын қазақстандық «Қайрат» сырт алаңда Беларусьтің «ВитЭн» командасынан басым түсіп, жарыстың жалғастыратын болды.


Соңғы жаңалықтар