Футзалдан әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

None
Фото: kff.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футзал қауымдастығынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар А тобында Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бәсекеге түседі.

Топ жеңімпазы 2024 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Элиталық кезеңнің ойындары биылғы 11-20 қыркүйек, 2-11 қазан және 11-20 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан футзал құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орынға табан тіреген болатын.


Соңғы жаңалықтар