Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан топтық кезеңнен шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 21 тамызда Алматыда өтіп жатқан футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің топтық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі wucfutsal2018.com сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш жарыста В тобында сынға түскен жігіттер өз тобында бірінші орын алды. Олар алдымен Чехияны 4:3, Жаңа Зеландияны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Беларусьпен 1:1 есебімен тең ойнады. Біздің топтан екінші орынға Чехия құрамасы ие болды. Олар Қазақстан құрамысынан басқа өзге ойындарда Беларусьті 3:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді.  

Ал А тобында Ресей мен Аргентина, С тобында Украина мен Таиланд, Д тобында Португалия мен Польша жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Енді әр топтан алғашқы екі орынға ие болғандар ширек финалға шықса, соңғы екі орындағы құрамалар 9-16 орындар үшін сайысқа түседі. Ал жартылай финал 24 тамызда өткізілсе, финал мен 3-орын үшін бәсеке 26 тамызда болады.   

Соңғы жаңалықтар