Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан әлем чемпионатын 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Таиландпен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түсті. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.
Топтық кезеңде Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болды. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең түсті.
Таиланд С тобында үшінші орын алды. Португалиядан 1:4 есебімен жеңілсе, Мароккомен 1:1 есебімен тең ойнап, Соломон аралдарын 9:4 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.
Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.


Соңғы жаңалықтар