+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан құрамасы Литвамен кездеседі

2021 жылғы 15 қыркүйек 13:14
Бөлісіңіз:
Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан құрамасы Литвамен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы топтық кезеңіндегі екінші ойынында Қазақстан құрамасы Литвамен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан ширек финалға жолдама алды Футзалдан әлем чемпионаты: 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан жарыстың келесі сатысына шықты

Литва құрамасы бұған дейін әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынап көрген емес. Биыл дүбірлі доданы өткізетін ел ретінде үздіктер қатарына қосылды.

Аталған ойын елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.

Алғашқы кездесуінде қазақстандық футзалшылар Коста-Рикадан 6:1 есебімен басым түсті.

Ал Литва Венесуэлаға 1:2 есебімен жол берді.

Қазақстандықтар бұдан кейін үшінші турда 18 қыркүйекте Венесуэламен шеберлік байқасады.

Әлем чемпионатында барлығы 24 құрама бақ сынайды. Финал 3 қазанға белгіленген.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады.

2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT