+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Футзалдан ӘЧ: ҚР Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

2021 жылғы 28 қыркүйек 08:22
Бөлісіңіз:
Футзалдан ӘЧ: ҚР Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өнер жұлдыздары, Олимпиада жүлдегерлері, жекпе-жек шеберлері бозкілемде белдесті Қазақстандық теннисші елордадағы турнирдің жеңімпазы атанды Әділ Ғалиахметов шорт-тректен Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!»,-делінген онда.

Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы ирандық футзалшылармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионатының финалдық сатысында екі мәрте бақ сынаған еді. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT