Футзалдан 2022 жылғы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі UEFA сайтына сілтеме жасап.

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребеде құрамалар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінді. Әрбір топтағы құрамалар бір-бірімен өз алаңында және сыртта екі ойын өткізеді.

Қазақстан бесінші топқа түсті. Қарсыластары Беларусь, Венгрия және Израиль-Кипр жұбының жеңімпазы болады. Топтық кезең ойындары 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір айларында өткізіледі.

Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік нәтижеге жеткен екінші орындағы алты құрама финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал екінші орындағы төмен нәтиже көрсеткен екі құрама 2021 жылдың 14 және 17 қараша күндері тағы бір жолдамаға таласады.

Финалдық турнир 2022 жылдың 9 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында Нидерланды елінде өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңі кейінге шегерілді.

Соңғы жаңалықтар