+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Футзал: Қазақстандық қақпашы әлемнің үздігі атанды

2020 жылғы 27 наурыз 01:32
Бөлісіңіз:
Футзал: Қазақстандық қақпашы әлемнің үздігі атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы мен Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Игита (толық аты-жөні Леонардо де Мело Виейра Лейте) әлемнің үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Grand Slam: Ғұсман Қырғызбаев әлемдік жарыста 7-ші болды Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц турниріне қатысады Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады

«Futsal Planet Awards» тұрақты түрде әлемдік футзалдағы үздіктерді анықтайды. Биыл бұл шараға барлығы 244 респондент қатысты. Қазақстандық қақпашы 693 балл жинады. Ол испандық «Барселона» қақпашысы Хуана Хосе Ангосто Эрнандес «Хуанхо» мен Португалияның «Спортинг» клубының бразилиялық қақпашысы Тиаго Мендеса Рочуды артта қалдырды.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футзалшы бұл атаққа төртінше мәрте қол жеткізіп отыр. Ол бұған дейін 2015, 2016 және 2018 жылдары сондай сенімге ие болды.

Ал футзалдан Қазақстан құрамасы мен Алматының «Қайрат» командасының бас бапкері Кака (Пауло Рикардо Фигуэра Силва) әріптестері арасында үздік үштікке ілікті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT