Футзал: Қазақстан құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізе ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде бүгін, 8 наурызда cырт алаңда Беларусьпен тағы бір ойын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футзалшылар бесінші топқа түсті. Қарсыластары - Венгрия, Беларусь және Израиль құрамалары.

Қазақстандық құрама бүгінге дейін өз алаңында Венгриядан 5:0, Беларусьтен 5:2 есебімен басым түсті.

Ал 28 қаңтарға белгіленген Израильдегі ойын аталған мемлекетте коронавируске қарсы күрес шараларының күшейтілуіне байланысты уақытында өткізілмей қалды. Сондықтан қос құраманың екі кездесуі де 9 және 11 сәуір күндері елордадағы «Жекпе-Жек» стадионында болады деп жоспарланып отыр.

Қазақстаннан өзге құрамалар үш ойыннан өткізді. Олардың барлығында үш ұпайдан бар. Ал екі ойыннан қазақстандық футзалшылар алты ұпай еншілеп, көш басында тұр.

Беларусь футзалшылары биылғы іріктеу сатысында алдымен Израильді сырт алаңда 3:0 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін сырт алаңда Венгрияға 1:2 есебімен жол берді. Беларусь құрамасы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында 2010 жылы бір мәрте бақ сынады. Өз тобында соңғы орынды місе тұтты.


Соңғы жаңалықтар