Футзал: Қазақстан Израиль құрамасын 4:1 есебімен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде бүгін, 9 cәуірде елордада Израильмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысында қазақстандық футзалшылар сенімді ойын көрсетті. Ойынның 16-минутында Тайнан есеп ашса, 18, 19-минуттарда Жомарт Тоқаев есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңнің 23-минутында Тайнан тағы бір голдың авторы атанды. Ал 37-минутта Израиль құрамасы сапынан Ор Гольдстейн бір голмен жауап қайырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде іріктеу кезеңіндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Бұған дейін қазақстандық футзалшылар төрт ойын өткізді. Олар Венгрия (5:0, 6:1) мен Беларусьті (5:2, 6:1) қапы қалдырып кетті. Төрт турда бірде-бір ұпайды шашау шығармаған құрама 12 ұпай жинап, екі тур бұрын жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алып қойды.

Айта кетерлігі, екі құрама Нұр-Сұлтанда 11 сәуірде тағы бір кездесу өткізеді. Аталған топта 13 сәуірде Беларусь және Венгрия құрамалары шеберлік байқасады. Осылайша іріктеу кезеңі мәресіне жетеді.



Соңғы жаңалықтар