Футзал: Кака «Қайратқа» тағы үш жыл бапкер болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Алматының «Қайрат» командасы бразилиялық маман Пауло Рикардо Какамен келісімшарт мерзімін 2023 жылға дейін созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команда сайтына сілтеме жасап.

Кака аталған клубқа 2018 жылдан бері жетекшілік жасап келеді. Сол уақыттан бері ол командамен бірге футзалдан Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының иегері атанды. Екі мәрте еліміздің суперкубогына қол созса, 2018/2019 жылғы кезеңде UEFA Чемпиондар лигасында күміс жүлдегер атанды.

Бразилиялық маман футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері. Өткен жылы ұлттық құрама өз тарихында үшінші мәрте әлем чемпионатына жолдама алды.

Бұған дейін атақты футболшы Криштиану Роналдудың тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар