Футзал: Еуропа чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткендей, қазіргі кезде құрамға 15 ойыншы кірді, жиын біткеннен кейін біреуі қысқарады.

Қақпашылар: Игита, Нарын Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»).

Ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (бәрі де - «Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо-Самара», Ресей), Лео («Норильский никель», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Атырау»).

Құраманың бас бапкері - Рикардо Кака.

Еуропа чемпионаты 19 қаңтар - 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді. Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бір топта ойнайды.

Айта кетейік, өткен жылы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы төртінші орынға табан тіреген болатын.

Соңғы жаңалықтар