Футзал: «Ақтөбе» чемпиондар лигасында словениялық клубпен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Бүгін футзалдан «Ақтөбе» командасының Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті. Ұйымдастырушы тарап 16 команданы екі себетке бөледі.

Олардың қатарында «Добовец» (Словения), «Херсон» (Украина), «Хрудим», (Чехия), «Витис» (Литва), «Олмиссум» (Хорватия), «Береттьоуфалу» (Венгрия), «Юнайтед Галац» (Румыния), «Аньер-Вильнев» (Франция) командалары бар.

Жеребе қорытындысына сәйкес, Ақтөбенің «Ақтөбе» футзал клубы Словенияның «Добовец» командасымен кездеседі.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы 16-21 ақпан күндері өтеді.

Б ір ойынның қорытындысы бойынша анықталатын жеңімпаз команда, 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Минск қаласында өтетін турнирдің ақтық сынына барады.


Соңғы жаңалықтар