Футболшы Пеленің ұлы есірткі қылмысы үшін тағы да қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда аңызға айналған футболшы Пеленің ұлы, Эдиньо деп аталып кеткен Эдсон Насименту есірткі мафиясының ақшасын жасырғаны үшін қамауға алынды. Соттың оны 33 жылға түрмеге қамау шешімін шығарды, сәтсіз апелляция берген ол ақыры темір тордың ар жағына отыратын болды, деп хабарлайды AFP.

Қатаң үкімге қарамастан, сот бұрынғы қақпашыға кейін қабылданбаған апелляция бойынша шешімге дейін бостандықта қалуға рұқсат берді.

Судья Сюзанна Перейра сот қаулысында Эдиньоның жоғары инстанциялы сотқа тағы бір рет апелляция бере алатынын атап өтті, алайда бұл жолы ол түрмеде отырып шағымдана алады.

Пеленің ұлының қорғаушылары бразилиялық БАҚ-қа соттың бұл шешіміне таң қалғандарын және Эдиньоның көп ұзамай бостандыққа шығарылуын талап ететіндерін хабарлады.

Пеленің баспасөз қызметі қамауға алу бойынша түсініктеме беруден бас тартты. 74 жастағы футболшы, 1958, 1962 және 1970 жылдардағы Әлем кубогының бразилиялық чемпионы өткен аптада бүйректен тастарды алып тастау бойынша ота жасатып, сенбі күні ауруханадан шықты.

Бұл Эдиньоның қамауға алынған бірінші оқиғасы емес. Шілде айында жағалаудағы Сантос қаласының соты оны ақшаны жасыру ісі бойынша қамауға алды. 2005 жылы Сантостағы банданың 50 мүшесі қамауға алынған соң ол қатаң режимдегі түрмеде жарты жыл отырды. Прокуратура Эдиньоның бұл есірткі тобымен байланысты екенін айтады.

Пеленің баласы бұл айыптарды жоққа шығарады, алайда жұртшылық алдында есірткіні кәсіби футболмен айналыса бастағанда қызығушылықтан пайдаланғанын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар