Футболшы Лука Модрич 5 жасында түскен фильм желіге тарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының финалы қарсаңында қой баққан Лука Модричтің видеосы интернетті шарлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хорватия ұлттық құрамасының капитаны Лука Модрич бес жасында режиссер Павле Беленовичтің қасқырлар туралы деректі фильміне түскен. Бұл туралы The Sun басылымы жариялады.

The Sun басылымы кішкентай баланың шынымен Лука Модрич пе, жоқ па - соны анықтау мақсатында хорватиялық режиссер Павле Беленовичке жүгінген. Басылымға берген сұхбатында Беленович мұны растап, Модричтер отбасымен дос болғанын айтты.

«Мен бала кезден табиғатқа, тауларға, жануарларға, әсіресе қасқырларға қатты қызықтым. 1990 жылы Велебит тауларында қасқырлар туралы деректі фильм түсірдік. Мен Модричтер отбасына көп барушы едім. Сондықтан да кезекті фильмімде досым мен оның қой баққан кішкентай ұлын да түсірдім. Кейін соғыс басталды. Шайқастардың бірінде Модричтердің үйі қирап, олар Затонға көшуге мәжбүр болды. Сонан соң олармен байланысымыз үзіліп қалды. Көп жылдар өткен соң қой баққан кішкентай баланың үлкен футболшы болып өскенін білдім», - дейді режиссер.

Айта кетейік, бүгін финалдық кездесуде 33 жастағы Модрич бастаған Хорватия құрамасы Франциямен кездеседі.

Фото: ria.ru

Соңғы жаңалықтар