Футболшы Хамес Родригеске 11,65 млн еуро айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия ұлттық құрамасының капитаны, «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Хамес Родригес 11,65 млн еуро айыппұл төлейді. Бұл туралы Испанияның El Mundo басылымы хабарлайды.

Испанияның салық органдары Хамес Родригесті 6,35 млн еуро мөлшеріндегі салықтарды төлеуден жалтарды деп айыптап отыр. «Баварияға» екі жылға жалға берілген футболшы Испанияның резиденті емес шетелдік ретінде салық төлеп келген. Бірақ салық органдары егжей-тегжейлі тексеріп, Хамес Родригестің экономикалық қызметі ауқымды екені анықтаған. Сондықтан Испанияның резиденті ретінде салық төлеуге тиіс деп отыр.

Салықтан бұлай жалтарғаны үшін 27 жастағы футболшы айыппұлдарды, салықтардың өзін және оның пайыздарын қоса есептегенде, жалпы 11,65 млн еуро төлеуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар