Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан жастары Беларусьпен тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан еліміздің 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы Беларусь жастарымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесу Беларусь астанасы Минск қаласында болды. Ойын барысында қазақстандық құрамадан Максим Самородов (32-минут) гол соқса, оған қарсыластар сапынан Егор Карпицкий (42-минут) бір голмен жауап қайырды.

Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық жастар жолдастық кездесуде Ресей футболшыларына 1:2 есебімен жол берді.

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы анықталды.


Соңғы жаңалықтар