Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын», - делінген ҚР Футбол федерациясының мәліметінде.

Карпович өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері.

Айта кетейік, жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.


Соңғы жаңалықтар