Футболдан Ұлттық құрама сапында өзгерістер болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы сапында бірқатар өзгерістер орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық құраманың бапкерлік штабы команданың резервін тексеру мақсатында Бауыржан Исламхан, Ненад Эрич және Георгий Жуковқа демалыс беруге мүмкіндік жасады. Қазір олар құрама сапында жоқ», - делінген Қазақстан футбол федерациясының мәліметінде.

Құрама сапына резервтік тізімнен жартылай қорғаушы Юрий Перцух («Атырау») пен шабуылшы Оралхан Өміртаев («Шахтер») шақырылды. Сондай-ақ, еліміздің бас командасына Қызылорданың «Қайсарынан»  қақпашы Марсель Исламқұлов келіп қосылды.

Айта кетелік, Ұлттар лигасының соңғы турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Грузиямен кездеседі. Аталмыш ойын Грузия астанасы - Тбилиси қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Латвиямен 1:1 есебімен тең түсті. Қазір еліміз турнир кестесінде 6 ұпаймен екінші орында тұр.

 

Соңғы жаңалықтар