Футболдан Ұлттар лигасында Португалия Чехияны ойсырата жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі негізгі кездесу А дивизионы екінші тобындағы Чехия мен Португалия арасында болды. Сырт алаңда ойнағанына қарамастан, португалдар жинақы қимылдай білді. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соғып кетті. Осылайша олар чехтарды 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, аталған топтағы тағы бір кездесуде өз алаңында Испания Швейцарияға 1:2 есебімен жол берді.

Топтың жеңімпазы алтыншы турдағы Португалия мен Испания арасындағы ойында шешіледі. Жеңімпазы аталған топта бірінші орын алады.

Аталған турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:

А дивизионы. Екінші топ: Чехия - Португалия 0:4 Испания - Швейцария 1:2

В дивизионы. Бірінші топ. Армения - Украина 0:5 Шотландия - Ирландия 2:1

В дивизионы. Екінші топ. Израиль - Албания 2:1

В дивизионы. Төртінші топ. Словения - Норвегия 2:1 Сербия - Швеция 4:1

С дивизионы. Екінші топ. Солтүстік Ирландия - Косово 2:1 Кипр - Грекия 1:0

Енді алтыншы тур ойындары 25-27 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын бесінші турдың алғашқы ойын күндері болды.

Соңғы жаңалықтар