Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан Беларусьпен тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші турында Қазақстан кезекті ойынын сырт алаңда Беларуське қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысында қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 13-минутында Абат Айымбетов мергендігімен көзге түсті. Бұл - Абаттың аталған турнир барысында соққан үшінші голы. Бұдан бұрын өз алаңындағы Әзербайжанмен кездесуде ол қос голдың авторы атанған болатын.

Екінші кезеңде Беларусь құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 85-минутында беларусьтік Владислав Малькевич гол соғып кетті.

Кездесуде құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді Қазақстан 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Үш ойыннан кейін Қазақстан 7 ұпаймен көш басында келеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын С лигасы үшінші тобында Қазақстан Әзербайжан мен Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, аталған топта өз алаңында Әзербайжан Словакияға 0:1 есебімен жол берді.



Соңғы жаңалықтар