Футболдан Ұлттар лигасында Франция А дивизионындағы орнын сақтап қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы негізгі ойын А дивизионы бірінші тобындағы Дания мен Франция құрамалары арасында өтті. Франциялық футболшылар биылғы турнирді сәтсіз ойнады. Бүгінгі кездесуде қарсыласынан бірінші кезеңде екі гол жіберіп алды.

Осылайша Франция қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді. Турнир кестесінде үшінші орынға тұрақтап, А дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Аталған топта өз алаңында Австрия Хорватияға 1:3 есебімен жол берді.

Аталған турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:

А дивизионы. Бірінші топ: Австрия - Хорватия 1:3, Дания - Франция 2:0

А дивизионы. Төртінші топ. Уэльс - Польша 0:1, Нидерланды - Бельгия 1:0

С дивизионы. Бірінші топ. Фарер аралдары - Түркия 2:1, Люксембург - Литва 1:0

С дивизионы. Үшінші топ. Әзербайжан - Қазақстан 3:0, Словакия - Беларусь 1:1

D дивизионы. Бірінші топ. Андорра - Латвия 1:1, Молдова - Лихтенштейн 2:0

Енді алтыншы тур ойындары 26 және 27 қыркүйек күндері өткізіледі.

Еске салсақ, 25 қыркүйекте аталған турнирде Қазақстан құрамасы Әзербайжанға жол берді.

Сондай-ақ, қазақстандық футболшылар футболан Ұлттар лигасындағы үздік көрсеткішіне қол жеткізді.



Соңғы жаңалықтар