Футболдан Ұлттар лигасында Англия мен Германия тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турының екінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын күніндегі негізгі ойынның бірі Англия мен Германия құрамалары арасында өтті.

Ағылшындар биыл аталған турнирді сәтсіз өткізді. Бір тур бұрын А дивизионынан түсіп қалды. Ал Германия соңғы ойындарда жақсы ойын өрнегін көрсетіп келе жатқан еді.

Кездесуде құрамалар 3:3 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия сырт алаңда Венгрияны 2:0 есебімен жеңді.

Аталған турдағы екінші ойын күні нәтижесі төмендегіше:

А дивизионы. Үшінші топ: Англия - Германия 3:3, Венгрия - Италия 0:2

В дивизионы. Үшінші топ. Черногория - Финляндия 0:2, Румыния - Босния және Герцоговина 4:1

С дивизионы. Төртінші топ. Гибралтар - Грузия 1:2, Солтүстік Македония - Болгария 0:1

D дивизионы. Екінші топ. Сан-Марино - Эстония 0:4

Енді алтыншы турдың соңғы ойын күні 27 қыркүйек күні өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттар лигасында Франция А дивизионындағы орнын сақтап қалды.


Соңғы жаңалықтар