Футболдан Ұлттар лигасы: Франция құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні негізгі ойын А дивизионы бірінші тобындағы Франция мен Австрия, Хорватия мен Дания құрамалары арасында өтті.

Француздар алғашқы төрт турда сәтсіз ойын көрсетті. Небәрі екі ұпайға қол жеткізді. Аталған кездесуде жеңіске жетпеген жағдайда алдағы маусымда В лигасына түсіп қалуы әбден мүмкін болатын.

Нәтижесінде француздық футболшылар қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, алғаш рет жеңіске жетті.

Ал Хорватия Даниядан 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы 22 қыркүйекте өз алаңында Беларусьті 2:1 есебімен сүріндірді. Өз тобында бірінші орын алған қазақстандық футболшылар бір тур бұрын В лигасына берілетін жолдамаға қол жеткізді.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде өз алаңында Словакия Әзербайжанға 1:2 есебімен жол берді.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

А дивизионы. Бірінші топ. Франция - Австрия 2:0, Хорватия - Дания 2:1

А дивизионы. Төртінші топ. Бельгия - Уэльс 2:1, Польша - Нидерланды 0:2

С дивизионы. Бірінші топ. Литва - Фарер аралдары 1:1, Түркия - Люксембург 3:3

С дивизионы. Үшінші топ. Қазақстан - Беларусь 2:1, Словакия - Әзербайжан 1:2

D дивизионы. Бірінші топ. Латвия - Молдова 1:2, Лихтенштейн - Андорра 0:2

Енді бесінші турдың қалған ойындары 23 және 24 қыркүйек күндері жалғасады.







Фото: www.vseprosport.ru


Соңғы жаңалықтар