Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Португалия көш бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі негізгі кездесулер Португалия мен Чехия, Швейцария мен Испания құрамалары арасында өтті.

Құрмалар А лигасы екінші тобында сынға түседі. Португалия өз алаңында Чехияны 2:0 есебімен сүріндірсе, Испания сырт алаңда 1:0 есебімен Швейцарияның осал тұсын тапты.

Алғашқы екі турда жанкүйерлер сенімінен шыға алмаған қос құрама осылайша турнир кестесінде көш тізгінін қолға алды.

Бұл күнгі өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

В лигасы 4 топ

Норвегия - Словения 0:0

Швеция - Сербия 0:1

С лигасы 2 топ

Косово - Солтүстік Ирландия 3:2

Грекия - Кипр 3:0

С лигасы 4 топ

Гибралтар - Болгария 1:1

Солтүстік Македония - Грузия 0:3

D лигасы 2 топ

Мальта - Эстония 1:2

Еске салсақ, бұдан бұрын екі ойында жеңіске жеткен қазақстандық футболшылар өз тобында бірінші орында келеді.

Ел құрамасы 10 маусымда сырт алаңда Беларусьпен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар