Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Испания көш басына шықты
2022 жылғы 13 маусым 09:09

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Испания көш басына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі негізгі кездесулер А лигасы екінші тобындағы Испания мен Чехия, Швейцария мен Португалия құрамалары арасында өтті.

Ойын барысында Испания Чехияны 2:0, Швейцария Португалияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Испания өз тобында көшбасшылықты арттыра түссе, қалған үшеуі әзірге екінші орыннан үміткер болып отыр.

Аталған турдағы өзге ойындар нәтижесі төмендегіше:

В лигасы, 4 топ:

Норвегия - Швеция 3:2

Словения - Сербия 2:2

С лигасы, 2 топ:

Солтүстік Ирландия - Кипр 2:2

Грекия - Косово 2:0

С лигасы, 4 топ:

Солтүстік Македония - Гибралтар 4:0

Грузия - Болгария 0:0

D лигасы, 2 топ:

Мальта - Сан-Марино 1:0

Еске салсақ, бүгін аталған турнирде Қазақстан-Словакия кездесуі өтеді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT