Футболдан UEFA Ұлттар лигасында бүгін Қазақстан-Словакия кездесуі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы төртінші турында Қазақстан өз алаңында Словакияны қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы жеті ұпаймен көш басында тұрса, алты ұпай еншілеген Словакия екінші орында келеді.

Қазақстандық футболшылар Әзербайжанды 2:0, Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Беларусьпен 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесуде бельгиялық Брамом ван Дриске бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Ромен Девийерс пен Кевин Монтени көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де бельгиялық Жонатан Лардо. Сондай-ақ, төрешінің видео жөнінен көмекшісі нидерландылық Ингмар Оустром.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия.


Соңғы жаңалықтар