Футболдан UEFA Суперкубогының иегері анықталды
2022 жылғы 11 тамыз 07:20

Футболдан UEFA Суперкубогының иегері анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испанияның «Реал Мадрид» командасы футболдан UEFA Суперкубогының биылғы иегері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткен кездесуде испаниялық клуб Германияның «Айнтрахт» командасымен кубокты сарапқа салды.

Кездесу барысында «Реал Мадрид» сапынан Давид Алаба 37-минутта есеп ашса, 65-минутта Карим Бензема қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, кубокты жеңіп алды.

UEFA Суперкубогының басталғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-інде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы.

Суперкубокты иелену жөнінен «Реал Мадрид» Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командаларымен теңесті. Олардың әрбірінде бес-бестен кубок бар.

Жалпы, мұндай атаққа барлығы 24 команда қол жеткізді.

Фото: sports.kz





Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT