Футболдан «Тұран» командасына бас бапкер тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік маман Владимир Газзаев Түркістанның «Тұран» командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі ресми түрде мәлім етті.

Владимир Газзаев 1980 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. 1997-1998 жылдарда Владикавказдың «Алания» командасында кәсіби футболшы есебінде доп тепкен.

2009 жылдан бері бапкерлікке бет бұрып, 2014 жылға дейін «Алания» клубында бапкер, бас бапкер қызметтерін атқарды. Одан кейін Қазақстанның «Ақтөбе», «Тобыл», Грузияның «Рустави», Ресейдің «Урожай» командаларына жетекшілік етті.

«Ресейлік маман «Ақтөбе» мен «Тобыл» клубтарында жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстандық жанкүйерлердің есінде қалды», - деп мәлім етті команда басшылығы.


Соңғы жаңалықтар