+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Футболдан Премьер-лига ойындары: «Қайрат» пен «Тобыл» жеңіске жетті

2021 жылғы 10 сәуір 19:08
Бөлісіңіз:
Футболдан Премьер-лига ойындары:  «Қайрат» пен «Тобыл» жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің төртінші туры жалғасып, тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа чемпионаты: Ресей Финляндиядан басым түсті Футболдан Конференция кубогы: Қазақстан клубтарының қарсыласы анықталды Футболдан Еуропа чемпионаты: Франция Германияны жеңді

Екінші ойын күніне үш кездесу белгіленген. Қазірге едйін оның екеуі аяқталды.

Алғашқы ойында Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0 есебімен сүріндірді. Кездесу барысында қостанайлық клуб сапынан Алекс Аманович 25, Элгуджа Лобжанидзе 74-минуттарда мергендік танытты.

Тағы бір ойында Алматының «Қайраты» өз алаңында Түркістанның «Тұран» клубына 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Алматылық команда сапынан бірінші кезеңде Айбол Әбікен 2, 30, Камо Оганесян 5, Хосе Канте 43-минуттарда гол соқты. Екінші кезеңнің 90-минутында «Тұран» футболшысы Қасымхан Тайыпов есеп айырмасын қысқартса, көп ұзамай «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола ойынның нүктесін қойды.

Аталған турдағы төрт ойын кеше, 9 сәуірде өткізілген болатын.

Сол күні «Тараз» Қарағандының «Шахтерін» 4:0 есебімен тізе бүктірсе https://www.inform.kz/kz/futboldan-kazakstan-chempionatynda-taraz-kosh-bastady_a3774443, Оралдың «Ақжайығы» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4:4 есебімен тең түсті.

Аталған турдағы соңғы ойын бүгін 19.00-де елордада «Астана» мен «Атырау» арасында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT