Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Испаниялық маман Роберто Мартинес Португалия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл туралы Португалия футбол федерациясынан хабарлады.

Р.Мартинес осыған дейін 2014-2022 жылдары Португалияны жаттықтырған португалиялық маман Фернанду Сантушты алмастырады.

Қатарда өткен әлем чемпионатында Ф.Сантуштың шәкірттері ширек финалда Марокко құрамасына 0:1 есебімен жол берген еді.

49 жастағы Мартинес 2016-2022 жылдары Бельгия құрамасының тізгінін ұстады. Әлем чемпионатынан кейін ол да Сантуш секілді өз орнын босатқан еді.

Мартинестің халықаралық деңгейдегі ең ірі табысы – Бельгия құрамасымен қол жеткізген 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдесі. Ол сондай-ақ «Суонси», «Уиган» және «Эвертон» клубтарын жаттықтырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дидье Дешамның Франция құрамасын 2026 жылға дейін жаттықтыратынын болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Франция футбол федерациясы президентінің Зинедин Зиданға қатысты сөзінен дау шықты.


Фото: Сhampionat.com.

Соңғы жаңалықтар