Футболдан ҚР құрамасының ФИФА рейтингіндегі позициясы нашарлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан ұлттық командасы 2019 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде төрт орын жоғалтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айдың қорытындысы бойынша, ұлттық командалар арасындағы тізімде біздің құрама 116-орынға жайғасты.

Еске салайық, Қазақстан қыркүйекте Еуропа-2020 чемпионатының іріктеуінде екі матч ойнады. Командамыз Кипр құрамасымен ойында тең нәтиже (1:1) көрсетсе, Ресей құрамасына (0:1) есе жіберді.

ФИФА рейтингі:

1. Бельгия - 1752

2. Франция - 1725

3. Бразилия - 1719

4. Англия - 1662

5. Португалия - 1643

6. Уругвай - 1639

7. Испания - 1631

8. Хорватия - 1625

9. Колумбия - 1622

10. Аргентина - 1614 ...

42. Ресей – 1455

52. Шотландия - 1415

92. Кипр - 1261

116. Қазақстан - 1169

210. Сан-Марино – 835


Соңғы жаңалықтар