Футболдан ҚР Кубогы: «Тобыл» жартылай финалға өтпей қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан Кубогы жарысынан шет қалды. Келесі айналымға «Атырау» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау» мен «Тобыл» арасындағы ойынның тағдырын Игорь Зеньковичтің қос голы шешті. Ол әуелі 7-минутта есеп ашты. Екінші таймда ойынға тыңнан қосылған "Тобыл" шабуылшысы Таңат Нөсербаев таразы басын теңестірді. Оған Бауыржан Тұрысбек нәтижелі пас берді. Алайда, 66-минутта экс-қостанайлық футболшы Игорь Зенькович өз командасының жеңіс голын соқты.

Осылайша, "Тобыл" ҚР Кубогы ойындарынан шығып қалды. 

Фото: fctobol.kz

Соңғы жаңалықтар