USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Футболдан ҚР біріншілігі: Бүгін сегізінші тур ойындары басталады

2021 жылғы 28 сәуір 10:27
Бөлісіңіз:
Футболдан ҚР біріншілігі: Бүгін сегізінші тур ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің cегізінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова Бейжіңде ҚР Туын ұстап шығады «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі ақша аударуға мәжбүрлеуге қарсы Жыл басынан көлік апаттарында 100-ден астам адам көз жұмған

Ойындар 28 және 29 сәуір күндеріне белгіленген. Алғашқы күні төрт жұп кездессе, екінші күнінде үш матч өтеді.

28 сәуірде 15.00-де «Каспий» (Ақтау) және «Тобыл» клубтары аталған турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 17.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақжайық» (Орал), 18.00-де «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары кездеседі. Ал 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» арасында кездесу өтеді.

Ал 29 сәуірде 16.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), 19.00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) командалары шеберлік байқасады. Жетінші турды «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.

Жеті турдан кейін турнир кестесінде «Астана» 17 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 15, «Тараздың» 14 ұпайы бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT