Футболдан Конференция лигасындағы қазақстандық командалар ойындарын қайдан көруге болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында бүгін, 11 тамызда «Тобыл» және «Қызылжар» командалары қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен петропавлдық «Қызылжар» елордада Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездеседі. Ойынның басталуы елорда уақытымен 19:30-ға белгіленген.

Петропавлдың «Қызылжар» және Кипрдің АПОЭЛ клубы арасындағы кездесуде германиялық Даниэль Зиберт бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Ян Зайдель мен Рафаэль Фольтин көмекші болады. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Даниэль Шлагер.

Аталған ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубын қабылдайды.

Кездесу елорда уақытымен 20:00-ге белгіленген.

Ал Қостанайда өтетін «Тобыл» мен Босния және Герцоговинаның «Зриньски» командалары кездесуіне бельгиялық Натан Вербоомен бас төреші болады. Оның көмекшілері де сол елден келген Матиас Хилларт пен Рубен Винс. Қосалқы төреші Ян Ботерберг те Бельгиядан келеді.

Аталған қазақстандық командалар сырт алаңда өткен екі ойында да қарсыластарына есе жіберді.

Жанкүйерлер кездесуді «Qazsport» сайтынан тікелей эфирде көре алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Тобыл» және «Қызылжар» жеңіске жетіп, «Астана» және «Қайрат» жарыс жолынан шығып қалды.


Соңғы жаңалықтар