Футболдан Конференция лигасында «Қызылжар» хорватиялық клубтан жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қызылжар» UEFA Конференция екінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдық команда елордада Хорватияның «Осиек» клубын қабылдады.

Аталған кездесуде петропавлдық команда бірінші кезеңде шабуылға көбірек көңіл бөлді. Дегенмен мүмкіндігін тиімді пайдалана алған жоқ. Бірінші кезеңде тадлодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде хорватиялық клубтан Михрет Топчагич 58, Ласло Кляйнхайслер 76-минутта мергендік танытты.

Оған 84-минутта хорватиялық Дарко Неяшмич 84-минутта өз қақпасына гол соғып, автоголдың авторы атанды.

Осылайша «Қызылжар» қарсыласына 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қарымта кездесу 28 шілдеде өткізіледі.

Дәл қазір аталған турнирде қазақстандық «Қайрат» венгриялық «Кишварда», қостанайлық «Тобыл» «Линкольн Ред Импс» командасымен қабылдайды.

Ойынның басталуы - елорда уақытымен 19:50.

Алғашқы ойын Qazaqstan, екіншісі Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 00:50-де елордалық «Астана» сырт алаңда польшалық «Ракув» командасына қарсы шығады.





Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар