Футболдан Конференция лигасы: «Вест Хэм Юнайтед» пен «Фиорентина» сырт алаңда жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің үшінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турда Англияның «Вест Хэм Юнайтед» командасы тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы олар сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» командасын 1:0 есебімен сүріндірді.

Сондай-ақ, Италияның «Фиорентина» командасы сырт алаңда Шотландияның «Хартс» клубынан 3:0 есеб3мен басым түсті. Бұл - олардың аталған турнирдегі алғашқы жеңісі. Нәтижесінде турнир кестесінде екінші орынға көтеріліп, жағдайын жақсартып алды.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

А тобы: «Хартс» (Шотландия) - «Фиорентина» (Италия) 1:5, РФШ (Латвия) - «Истанбул Башакшехир» (Италия) 3:0

В тобы: «Андерлехт» (Бельгия) - «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) 0:1, «Cилькеборг» (Дания) - ФКСБ (Румыния) 5:0

С тобы: «Лех» (Польша) - «Хапоэль Безр-Шева» (Болгария) 0:0, «Вильяяреал» (Испания) - «Аустрия Вена» (Австрия) 1:4

D тобы: «Словацко» (Чехия) - «Ницца» (Франция) 0:1, «Кёльн» (Германия) - «Партизан» (Сербия) 3:1

E тобы: «Днепр» (Украина) - «Вадуц» (Лихтенштейн) 2:2, «АЗ Алкмаар» (Нидерланды) - «Аполлон» (Кипр) 2:3

F тобы: «Мольде» (Норвегия) - «Шемрок Роверс» (Ирландия) 3:0, «Гент» (Бельгия) - «Юргорден» (Швеция) 2:1

G тобы: «Сивасспор» (Түркия) - «Балкани» (Косово) 3:4, «Славия Прага» (Чехия) - ЧФР (Румыния) 1:4

H тобы: «Пюник» (Армения) - «Жальгирис» (Литва) 2:0, «Базель» (Швейцария) - «Слован» (Словакия) 3:1

Енді төртінші тур ойындары 13 қазан күні өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы ойындары өткізілді.




Соңғы жаңалықтар