Футболдан Конференция лигасы: «Шахтердің» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 тамызда UEFA Конференция лигасы плей-офф сатысында қазақстандық «Шахтер» алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шахтер» командасы елордадағы «Астана-арена» стадионында Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубымен кездеседі. Оған себеп Қарағандыдағы орталық стадион еурокубоктың аталған сатысындағы ойындарын қабылдай алмайды.

Матч елорда уақытымен 19:00-де басталып. «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Конференция кубогында бұдан бұрын «Шахтер» екінші іріктеу сатысында Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») клубын (0:1, 2:1, пенальтиден 5:3) жеңді.

Одан кейін Украинаның «Колосын» (0:0,0:0, пенальтиден 3:1) орта жолда қалдырып кетті. Осылайша плей-офф сатысына жолдама алды.

«Маккаби Тель-Авив» командасы 1906 жылы құрылған. Өз елінде 22 мәрте чемпион атанған. Бұдан бұрын Чемпиондар лигасы топтық сатысында 2004/05, 2015/16 жылғы кезеңдерде ойын көрсетті. Екеуінде де төртінші орынды місе тұтты. Ал Еуропа лигасы топтық сатысында бес мәрте бақ сынап, 2014, 2020 жылдарда 1/16 финалға дейін жетті.

Аталған кездесуде сербиялық Срджан Йовановичбас қазы қызметін атқарады. Оған отандастары Урош Стойкович пен Милан Михайлович көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сербиялық Новак Симович.


Соңғы жаңалықтар