Футболдан Конференция лигасы: «Шахтер» плей-офф сатысына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 тамызда UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында қарағандылық «Шахтер» командасының Украинаның «Колос» командасымен арадағы қарымта ойынның алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңде командалар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Украиналық футболшылар жылдам соғу мүмкіндігін іздеді. Десе де қазақстандық клуб оларға лайықты тойтарыс берді. Ендігі бір сәттерде қарағандылық футбошылар алға қарай ұмтылды.

Еске салсақ, екі клуб арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған болатын. Сондықтан бүгін екі команданың бірі жеңіске жетуі тиіс еді.

Екінші кезеңде де командалар шабуылды арттыра түсті. Осы мақсатта қазақстандық шабуылшылар Айдос Тәттібаев пен Оралхан Өміртаев алаңға шықты.

Негізгі кезеңде есеп ашылған жоқ. Есеп 0:0. Қосымша кезеңде де қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Пенальти тебуде «Шахтердің» жолы болып, плей-офф сатысына жолдама алды.

Бұл жұптың жеңімпазы плей-офф сатысында «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) пен «Спартак Трнава» (Словакия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Шахтер» екінші іріктеу сатысында Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») клубын (0:1, 2:1, пенальтиден 5:3) жеңді.


Соңғы жаңалықтар