Футболдан Конференция лигасы: Қазақстандық клубтардың ойынын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 тамызда UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында қазақстандық «Астана», «Тобыл» және «Шахтер» командалары қарымта ойындарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық «Астана» сырт алаңда финляндиялық КуПС командасымен кездеседі.

Матч елорда уақытымен 22:00-ге белгіленген.

Конференция кубогында «Астана» екінші іріктеу сатысында Грекияның «Арисін» (2:0, 1:2) жеңген болатын.

КуПС клубы 1923 жылы құрылған. Финляндияның алты дүркін чемпионы. Соңғы мәрте 2019 жылы алтыннан алқа тақты.

КуПС Конференция кубогында КуПС Украинаның «Ворскла» клубын (2:2, 3:2) қапы қалдырып кетті.

Тағы бір ойында Қостанайдың «Тобылы» елордада Словакияның «Жилина» командасын қабылдайды.

Аталған клуб 1908 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атанды. Соңғы рет бұл атаққа 2017 жылы қол жеткізді. Былтыр күміс жүлдегер болды. 2010/11 жылғы кезеңде Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Англияның «Челси» (1:4, 1:2), Францияның «Марсель» (0:1, 0:7), Ресейдің «Спартак» (1:2, 0:3) клубтарымен кездесіп, бірде-бір ұпайға қол жеткізген жоқ.

Екінші іріктеу сатысында «Жилина» Кипрдің «Аполлон» клубынан (3:1, 2:2) мықты екенін көрсетті. Ал «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубын (0:2, 4:1) қапы қалдырып кетті.

Кездесу елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал Қарағандының «Шахтері» бүгін сырт алаңда Украинаның «Колос» (Ковалевка) командасымен кездеседі.

«Колос» командасы 2012 жылы құрылған. 2018/19 жылы Украина біріншілігінде күміс жүлдегер болды. Былтыр төртінші орынға тұрақтады.

Украиналық клуб бірден Конференция кубогы үшінші іріктеу сатысына жолдама алды.

Ал «Шахтер» екінші іріктеу сатысында Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») клубын (0:1, 2:1, пенальтиден 5:3) жеңді.

Кездесу елорда уақытымен 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар