Футболдан Конференция лигасы: «Қайрат» топтық кезеңге шыға ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 тамызда UEFA Конференция лигасы плей-офф сатысында қазақстандық «Қайрат» алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық клуб аталған кездесуін елорда уақытымен 23.30-да сырт алаңда Люксембургтің «Фола» командасына қарсы өткізеді.

Ойын Эш-сюр-Альзетт қаласындағы «Жози Бартель» стадионында болады.

Кездесуге португалиялық Фабиу Вериссиму бас қазы болады. Оған отандастары Педру Алмейда мен Педру Мартинш көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де португалиялық Антониу Нобре.

«Фола» клубы 1906 жылы құрылған. Өз елінде 8 мәрте чемпион атанған. Бұған дейін Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы іріктеу кезеңінде бірнеше мәрте бақ сынаған. Еуропа лигасы 2017/18 жылғы кезеңінде үшінші іріктеу сатысына дейін жетті.

Биыл еурокубокта «Фола» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» (2:2, 0:5) клубына жол беріп қойды. Одан кейін Конференция лигасы екінші және іріктеу сатыларында Беларусьтің «Шахтер» (1:0, 2:1) және Солтүстік Ирландияның «Линфилд» (2:1, 2:1) клубтарын жарыс жолынан шығарды.

Ал «Қайрат» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби Хайфа» клубынан (1:1, 2:0) басым түсті. Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» клубына (2:1, 0:5) жол беріп қойды.

Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Алашкертіне» (0:0, 2:3) есе жіберді.

Айта кетелік, бүгін Конференция лигасы плей-офф сатысында Қарағандының «Шахтері» елордада Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубымен кездеседі.



Соңғы жаңалықтар